Қолданушы нұсқаулығы
212
Q
2 ViewNX 2-нің Nikon Transfer 2 құрамдасын іске
қосыңыз.
Егер бағдарламаны таңдауды сұрайтын хабар көрсетілсе,
Nikon Transfer 2-ні таңдаңыз.
3 Start Transfer (Көшіруді
бастау) түймешігін
басыңыз.
Əдепкі параметрлерде жад
картасындағы барлық
суреттер компьютерге
көшіріледі.
4 Қосылымды тоқтатыңыз.
Егер фотокамера компьютерге жалғанған болса,
фотокамераны өшіріп, USB кабелін ағытыңыз. Егер жады
картасын оқу құралын немесе карта ұяшығын
пайдалансаңыз, жад картасына сəйкес алмалы дискіні
шығару үшін компьютердің амалдық жүйесіндегі тиісті
параметрді таңдап, содан кейін картаны жады картасын оқу
құралынан немесе карта ұяшығынан алыңыз.
A Windows 7 жүйесі
Егер мына тілқатысу терезесі көрсетілсе, төменде сипатталғандай
Nikon Transfer 2-ні таңдаңыз.
1 Import pictures and videos
(Суреттерді жəне
бейнефильмдерді
импорттау) астындағы
Change program
(Бағдарламаны өзгерту)
пəрменін таңдаңыз.
Бағдарламаны таңдау тілқатысу терезесі пайда болады; Import
file using Nikon Transfer 2 (Nikon Transfer 2 арқылы файлды
импорттау) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
2 Import file (Файлды импорттау) екі рет нұқыңыз.
Start Transfer (Көшіруді бастау)










