Қолданушы нұсқаулығы

211
Q
ViewNX 2 пайдалану
Суреттерді компьютерге көшіру
Жалғастыру алдында, берілген ViewNX 2 ықшам дискіндегі
бағдарламалық жасақтаманы орнатқаныңызға көз жеткізіңіз
(0 208).
1 Суреттерді компьютерге көшіру əдісін таңдаңыз.
Мына əдістердің бірін таңдаңыз:
•USB-ді тура жалғау: фотокамераны өшіріп, жад
картасының фотокамераға салынғанын тексеріңіз.
Фотокамераны компьютерге берілген USB кабелі арқылы
жалғаңыз жəне содан кейін фотокамераны қосыңыз.
•SD карта-ұяшығы: егер компьютер SD карта ұяшығымен
жабдықталған болса, картаны тікелей ұяшыққа салуға
болады.
•SD жады картасын оқу құралы
: жады картасын оқу
құралын (бөгде жеткізушілерден бөлек алуға болады)
компьютерге жалғап, жад картасын салыңыз.
A Сенімді қуат көзін пайдаланыңыз
Деректерді көшіру əрекеті үзілмеу үшін фотокамера батареясының
толық зарядталғанына көз жеткізіңіз. Күмəніңіз болса, пайдалану
алдында батареяны зарядтаңыз немесе АТ адаптерін жəне қуат
жалғағышын (бөлек сатылады) пайдаланыңыз.
A USB концентраторлары
Фотокамераны тікелей компьютерге жалғаңыз; кабельді USB
концентратор немесе пернетақта арқылы жалғамаңыз.