Қолданушы нұсқаулығы

203
I
Фотосуреттерді өшіру
Толық өлшемде қарау режимінде көрсетілген немесе сурет
нобайының тізімінде белгіленген фотосуретті өшіру үшін O
түймешігін басыңыз. Бірнеше таңдалған фотосуретті, белгілі бір
күні түсірілген барлық фотосуреттерді немесе ағымдағы қарау
қалтасындағы барлық фотосуреттерді өшіру үшін қарау
мəзіріндегі Delete (Өшіру) параметрін пайдаланыңыз.
Өшірілгеннен кейін, фотосуреттерді қалпына келтіру мүмкін
емес. Қорғалған немесе жасырын суреттерді өшіру
мүмкін емес
екенін ескеріңіз.
Толық өлшемде қарау, сурет нобайын
қарау жəне күнтізбені қарау режимдері
Ағымдағы фотосуретті өшіру үшін O түймешігін басыңыз.
1 Кескінді таңдаңыз.
Кескінді көрсетіңіз немесе оны сурет нобайын немесе
күнтізбені қарау режиміндегі сурет нобайларының тізімінде
белгілеңіз.
2 O түймешігін басыңыз.
Растау терезесі көрсетіледі.
Толық өлшемде
қарау
Сурет нобайын
қарау
Күнтізбені қарау
(сурет нобайының
тізімі)
O түймешігі