Қолданушы нұсқаулығы

201
I
Фотосуреттерді өшірілуден
қорғау
Толық өлшемде қарау, масштабтау, сурет нобайын жəне
күнтізбені қарау режимдерінде фотосуреттерді абайсызда
өшіріліп қалудан қорғау үшін L (U) түймешігін пайдалануға
болады. Қорғалған файлдарды O түймешігін немесе қарау
мəзіріндегі Delete (Өшіру) параметрі көмегімен өшіру мүмкін
емес. Жад картасы пішімделген кезде қорғалған кескіндер
өшірілетінін ескеріңіз (0 22, 272).
Фотосуретті қорғау үшін:
1 Кескінді таңдаңыз.
Кескінді толық өлшемде қарау немесе ойнатуды масштабтау
режимінде көрсетіңіз немесе оны сурет нобайын немесе
күнтізбені қарау режиміндегі сурет нобайларының тізімінде
белгілеңіз.
Толық өлшемде
қарау
Сурет нобайын
қарау
Күнтізбені қарау