Қолданушы нұсқаулығы

199
I
Жақыннан көру: ойнатуды
масштабтау
Толық өлшемде қарау режимінде көрсетілген кескінді немесе
сурет нобайын қарау режимінде белгіленген кескінді ұлғайту үшін
X (T) түймешігін басыңыз. Масштабтау қосулы кезде мына
əрекеттерді орындауға болады:
Əрекет Пайдалану Сипаттама
Ұлғайту
немесе
кішірейту
X (T)/
W (M)
Шамамен ең көбі
30 × (36 × 24/3 : 2
пішіміндегі үлкен
кескіндер), 23 ×
(орташа кескіндер)
немесе 15 × (кішкене
кескіндер) есе
ұлғайту үшін X (T) түймешігін басыңыз.
Кішірейту үшін W (M) түймешігін басыңыз.
Фотосурет ұлғайтылған кезде, суреттің
мониторда көрінбейтін аумақтарын қарау
үшін мульти селекторды пайдаланыңыз.
Кадрдың басқа аумақтарына жылдам өту
үшін мульти
селекторды басып тұрыңыз.
Масштабтау арақатынасы өзгертілген
кезде шарлау терезесі пайда болады;
мониторда көрініп тұрған аумақ сары
жиекпен белгіленеді.
Кескіннің өзге
аумақтарын
қарау
Беттерді
таңдау
Масштабтау кезінде
анықталған беттер
(35-ке дейін) шарлау
терезесінде ақ түсті
жиекпен белгіленеді.
Басқа беттерді қарау
үшін қосымша
басқару тетігін
бұраңыз.