Қолданушы нұсқаулығы
192
I
A Ойнатуды масштабтау
Гистограмма көрсетілген кезде фотосуретті
ұлғайту үшін X (T) түймешігін басыңыз.
Ұлғайту жəне кішірейту үшін X (T) жəне
W (M) түймешіктерін пайдаланыңыз жəне
кескінді мульти селектормен жүгіртіңіз.
Гистограмма кескіннің мониторда көрсетілетін
бөлігіне ғана арналған деректерді көрсету үшін
жаңартылады.
A Гистограммалар
Фотокамера гистограммалары тек жалпылама нұсқау ретінде берілген
жəне суретті өңдеу бағдарламаларында көрсетілген
гистограммалардан өзгеше болуы мүмкін. Кейбір гистограмма үлгілері
төменде көрсетілген:
Кескінде жарықтығы əр түрлі нысандар
болса, реңк үлестірімі салыстырмалы
түрде бір қалыпты болады.
Егер кескін күңгірт болса, реңк
үлестірімі солға жылжиды.
Егер кескін ашық түсті болса, реңк
үлестірімі оңға
жылжиды.
Экспозиция түзетілімі көбейтілгенде реңк үлестірімі оңға жылжиды, ал
экспозиция түзетілімі азайтылғанда реңк үлестірімі солға жылжиды.
Гистограммалар айналадағы қатты жарық монитордағы
фотосуреттерді еркін көруді қиындатқан кезде жалпы экспозиция
туралы жалпы мағлұмат бере алады.










