Қолданушы нұсқаулығы

181
x
D Тікелей көрініс дисплейі
Соңғы суретте көрсетілмесе де, мониторда кертілген шеттер, түстердің
бұрмалануы, муар жəне жарық нүктелер болуы мүмкін, кейбір
аумақтарда жыпылықтаған белгілермен жəне басқа жылтылдайтын
жарық көздерімен, не болмаса нысан жарқылмен немесе басқа
жарқын, лездік жарық көзімен қысқаша жарықтанған жарық жолақтар
көрінуі мүмкін. Бұған қоса, фотокамера көлденеңінен панорамаланса
немесе нысан жақтау
арқылы жоғары жылдамдықпен қозғалса,
бұрмалану пайда болуы мүмкін. Флюоресцентті, сынапты немесе
натрийлі шамдар астында мониторда көрінетін жыпылықтау жəне
жолақтануды Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) (0 276)
арқылы азайтуға болады, бірақ кейбір ысырма жылдамдықтарында
олар соңғы фотосуретте көріне беруі мүмкін. Тікелей көрініс режимінде
түсірген кезде фотокамераны күнге немесе өзге қатты жарық көздеріне
бағыттамаңыз. Бұл сақтық
шараны орындамау нəтижесінде
фотокамераның ішкі тізбектері зақымдалуы мүмкін.
A Экспозиция
Көрініс түріне қарай экспозиция тікелей көрініс пайдаланылмаған кезде
қол жеткізуге болатын экспозициядан өзгеше болуы мүмкін. Тікелей
көріністе өлшеу əрекеті тікелей көрініс дисплейіне сəйкес реттеледі,
осылайша экспозициясы мониторда көрініп тұрған экспозицияға ұқсас
келетін фотосуреттер түсіруге болады.