Қолданушы нұсқаулығы
Nikon бір объективті айна (SLR) сандық фотокамерасын сатып
алғаныңызға алғыс білдіреміз. Фотокамераның мүмкіндіктерін
толық пайдалану үшін барлық нұсқауларды мұқият оқып
шығыңыз жəне оларды өнімді қолданатын барлық адамдар оқи
алатын жерде сақтаңыз.
Таңбалар жəне шартты белгілер
Қажетті мəліметті оңай табу үшін келесі таңбалар мен шартты
белгілерді қолдана аласыз:
Фотокамера мониторындағы мəзір элементтері, параметрлер жəне
хабарлар қалың қаріппен беріледі.
Фотокамера параметрлері
Осы нұсқаулықтағы түсініктемелер əдепкі параметрлерді ескере отырып
берілген.
Анықтама
Мəзір элементтері жəне өзге бөлімдер туралы анықтама алу үшін
фотокамераның анықтамалық мүмкіндігін пайдаланыңыз. Мəлімет алу
үшін 15-бетті қараңыз.
Бұл белгіше сақтыққа шақыратын ақпаратты таңбалайды;
фотокамераға зақым келтірмеу үшін пайдаланудың алдында
оқылуы тиіс.
D
Бұл белгіше ескертпелерді таңбалайды; яғни фотокамераны
пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпаратты білдіреді.
A
Бұл белгіше осы нұсқаулықтың өзге беттеріне жасалған
сілтемелерді таңбалайды.
0
A Қауіпсіздік шаралары
Фотокамераны алғаш рет пайдаланудан бұрын, «Қауіпсіздік
шаралары» (0 x–xii) тарауындағы қауіпсіздік нұсқауларын
оқыңыз.










