Қолданушы нұсқаулығы
176
x
D Автофокусты тікелей көріністе пайдалану
AF-S объективін пайдаланыңыз. Басқа объективтермен немесе
телескопиялық түрлендіргіштермен керекті нəтижелерге қол
жеткізілмеуі мүмкін. Тікелей көріністе автофокус баяулау екенін жəне
монитор фотокамера фокусталып жатқанда жарықтануы немесе
күңгірттенуі мүмкін екенін ескеріңіз. Фотокамера фокустай алмаған
кезде, фокустау нүктесінің кейде жасыл болып көрсетілуі мүмкін.
Фотокамера мына жағдайларда фокустай алмауы мүмкін:
• Нысанның
жақтаудың ұзын жағына параллель орналасқан
сызықтары бар
• Нысанның контрасты жеткіліксіз
• Фокустау нүктесіндегі нысанның қатты контрасты бар жарық
аумақтары бар немесе нысанның бір ғана тұстан шығатын жарығы,
неон белгісі немесе жарықтығы өзгеріп тұратын өзге жарық көзі бар
• Флюоресцентті, сынапты, натрийлі немесе соларға ұқсас жарық
астында жыпылықтау немесе жолақтану іздері орын алады
• Айқас
(жұлдызша) түріндегі сүзгі немесе басқа арнайы сүзгі
пайдаланылған
• Нысан фокустау нүктесінен кішілеу көрінеді
• Нысанға тұрақты геометриялық пішіндер (мысалы, перделер немесе
көпқабатты үй терезелерінің қатары) əсер етеді
• Нысан қозғалыста










