Қолданушы нұсқаулығы

175
x
Тікелей көрініс режимінде фокустау
Автофокус арқылы фокустау үшін
фокус режимінің ауыстырғышын AF
күйіне бұрап, автофокус пен АФ
аумағының режимдерін таңдау
үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз. Қолмен фокустау
туралы ақпарат алу үшін 183-бетті
қараңыз.
❚❚ Фокустау режимін таңдау
Мына автофокус режимдері тікелей көріністе қол жетімді:
Автофокус режимін таңдау үшін АФ режимінің түймешігін басып,
керекті режим мониторда көрсетілгенше басты басқару дискісін
бұраңыз.
Режим Сипаттама
AF-S
Əр кадр бойынша бақылағыш АФ: қозғалмайтын нысандар
үшін. Фокус ысырманы босату түймешігі жартылай басылған
кезде құлыпталады.
AF-F
Тұрақты бақылағыш АФ: қозғалатын нысандар үшін.
Ысырманы босату түймешігі басылғанша фотокамера үздіксіз
фокустайды. Фокус ысырманы босату түймешігі жартылай
басылған кезде құлыпталады.
АФ режимінің
түймешігі
Басты басқару
дискі
Монитор
Фокустау режимінің
ауыстырғышы