Қолданушы нұсқаулығы
174
x
A Экспозицияны алдын-ала қарау (тек M экспозиция режимі)
M экспозиция режимінде Pv түймешігін басу
ағымдағы ысырма жылдамдығы, апертура жəне
ISO сезімталдық баптауларының экспозицияға
əсерін алдын-ала қарауға мүмкіндік береді.
D Тікелей көріністі аяқтау
Егер объектив алынып тасталса, тікелей көрініс автоматты түрде
аяқталады. Тікелей көрініс фотокамераның ішкі тізбектерін зақымдамау
үшін автоматты түрде аяқталуы да мүмкін; фотокамера
пайдаланылмаған кезде тікелей көріністен шығыңыз. Фотокамераның
ішкі тізбектерінің температурасы көтеріліп, келесі жағдайларда
бұрмалану (жарық нүктелер, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер
немесе түстердің əркелкілігі) көрінуі мүмкін екендігін (фотокамера
айтарлықтай қызуы да мүмкін, бірақ бұл ақаулық емес) ескеріңіз:
• Қоршаған орта температурасы жоғары
• Тікелей көрініс ұзақ уақыт бойы пайдаланылған
• Фотокамера ұзақ уақыт бойы үздіксіз суретке түсіру режимінде
пайдаланылған
Егер a түймешігін басқан кезде тікелей көрініс іске қосылмаса, ішкі
тізбектердің сууын күтіп, əрекетті қайталаңыз.
Pv түймешігі










