Қолданушы нұсқаулығы

170
t
Орын деректері
Қосымша GP-1 жəне GP-1A GPS құрылғылары (0 325) құрылғы
орнатылған кезде түсірілген фотосуреттерде мына мəліметтерді
ендіреді: бойлық, ендік, биіктік жəне Əмбебап үйлестірілетін
уақыт (UTC). Бұл деректер фотосурет туралы мəліметтің орын
деректері бетінде көрсетіледі (0 188).
❚❚ GPS құрылғыны орнату
Фотокамераны өшіріңіз жəне құрылғымен бірге жеткізілген
кабель арқылы GPS құрылғыны қосымша керек-жарақ
жалғағышына (0 325) жалғаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін GPS
құрылғы нұсқаулығын қараңыз.
❚❚ Орнату мəзірінің параметрлері
Орнату мəзіріндегі Location data (Орын деректері) элементінде
төменде көрсетілген параметрлер бар.
Standby timer (Күту режимінің таймері): GPS құрылғы
орнатылған кезде экспозиция өлшегіштерін автоматты түрде
өшіруді таңдаңыз.
•Position (Күй): бұл элемент GPS құрылғы жалғанған кезде, ол
GPS құрылғы қамтамасыз ететін ағымдағы ендікті, бойлықты,
биіктікті жəне əмбебап үйлестірілетін уақытты (UTC)
көрсеткенде ғана қол жетімді болады.
Set clock from satellite (Сағатты жерсеріктен орнату):
фотокамера сағатын GPS құрылғы хабарлаған уақытпен
синхрондау үшін Yes (Иə) таңдаңыз.
Параметр Сипаттама
Enable
(Қосу)
Экспозиция өлшегіштері c2 қолданушы параметрі
(Standby timer (Күту режимінің таймері), 0 251;
фотокамераға орын деректерін алуға уақыт беру үшін
экспозиция өлшегіштері іске қосылғаннан немесе
фотокамера қосылғаннан кейін, кідіріс бір минутқа дейін
созылады) үшін таңдалған уақыт бойы ешбір əрекет
орындалмаса автоматты түрде өшеді. Бұл батарея
қуатының тұтынылуын азайтады.
Disable
(Ажырату)
GPS құрылғы
жалғанған кезде экспозиция өлшегіштері
өшпейді.