Қолданушы нұсқаулығы

xvii
D Тек Nikon компаниясының шынайы керек-жарақтарын
пайдаланыңыз
Nikon тарапынан Nikon сандық фотокамерасында пайдалану үшін
сертификатталған Nikon компаниясының зауыттық үлгіге сай керек-
жарақтары ғана оның жұмыстық параметрлеріне жəне қауіпсіздік
талаптарына сай келеді. Ө
ЗГЕ КОМПАНИЯЛАР ШЫҒАРҒАН КЕРЕК-
ЖАРАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ФОТОКАМЕРАНЫ ЗАҚЫМДАУЫ ЖƏНЕ NIKON
КЕПІЛДІГІНІҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН ТОҚТАТУЫ МҮМКІН.
D Фотокамера мен керек-жарақтарына техникалық қызмет
көрсету
Фотокамера дəлдікпен жұмыс істейтін құрылғы болып табылады жəне
жүйелі тексерісті қажет етеді. Nikon компаниясы фотокамераны
бастапқы сатушыға немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету
өкіліне бір-екі жыл сайын тексертуге жəне əр үш-бес жыл сайын
техникалық қызмет көрсету үшін апаруға кеңес береді (бұл
қызметтердің ақылы екенін ескеріңіз).
Фотокамераны кəсіби мақсатта
пайдалансаңыз, жиі тексертіп жəне қаратып тұрған жөн. Фотокамерада
жиі қолданылатын объективтер немесе қосымша жарқыл бөліктері
сияқты керек-жарақтарды фотокамераны тексертуге немесе
техникалық қызмет алуға апарғанда бірге апару қажет.
A Маңызды суреттерді түсіруден бұрын
Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе
фотокамераны сапарға алудан бұрын) суреттерді түсіруден бұрын,
фотокамера дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін суретті
сынақ ретінде түсіріп өріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс
істемеуінен болған шығынға немесе жоғалған табысқа жауап бермейді.
A Өмір бойы білім алу ұстанымы
Nikon компаниясының өнімге қолдау көрсету жəне үйренуге
бағытталған «өмір бойы білім алу» ұстанымы аясында, үнемі
жаңартылып тұратын мəліметті онлайн режимде келесі сайттардан
алуға болады:
АҚШ-тағы қолданушылар үшін: http://www.nikonusa.com/
Еуропа жəне Африкадағы қолданушылар үшін:
http://www.europe-nikon.com/support/
Азия, Океания жəне Таяу Шығыстағы қолданушылар үшін:
http://www.nikon-asia.com/
Өнім туралы ең соңғы
мəліметті, кеңестерді, жиі қойылатын сұрақтарға
(ЖҚС) берілген жауаптарды жəне сандық кескіндерге жəне фотосурет
түсіруге қатысты жалпы кеңес алып отыру үшін мына сайттарға кіріңіз.
Қосымша ақпаратты аумақтағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс
ақпаратын алу үшін келесі URL қараңыз: http://imaging.nikon.com/