Қолданушы нұсқаулығы
165
t
3 Фокустық қашықтық пен
апертураны енгізіңіз.
Focal length (mm) (Фокустық
қашықтық (мм)) немесе
Maximum aperture
(Максималды апертура)
белгілеңіз де, 4 немесе 2
түймешігін басып белгіленген элементті өңдеңіз. Фокустық
қашықтықты 6-4000 мм аралығында, ал максималды
апертураны f/1.2 мен f/22 аралығындағы мəндерден таңдауға
болады.
4 Өлшегішті жалғастыру
əдісін таңдаңыз.
Exposure meter coupling
(Экспозиция өлшегішін
жалғастырғыш) параметрін
белгілеңіз жəне 2 түймешігін
басыңыз, содан кейін 1 немесе
3 түймешігін басып AI lens (AI
объективі) параметрін
белгілеңіз жəне J түймешігін
басыңыз (Non-AI lens (AI емес
объектив) параметрін
объектив AI механизмімен
жабдықталмаған болса ғана таңдаңыз; 0 167).
A Фокустық қашықтық тізімде жоқ
Дұрыс фокустық қашықтық тізімде жоқ болса, объективтің нақты
фокустық қашықтығынан үлкендеу ең жақын мəнді таңдаңыз.
A Телескопиялық түрлендіргіштер мен масштабтау
объективтері
Телескопиялық түрлендіргіштердің максималды апертурасы
телескопиялық түрлендіргіш пен объективтің біріктірілген
максималды апертурасы болып келеді. Микропроцессормен
жабдықталмаған объективтер ұлғайтылғанда немесе кішірейтілгенде
объектив деректері реттелмейтінін ескеріңіз. Əр түрлі фокустық
қашықтықтардың деректерін бөлек объектив нөмірлері ретінде
енгізуге болады, не болмаса масштаб реттелген сайын объективтің
фокустық қашықтығы мен максималды апертура үшін жаңа мəндерді
көрсету үшін объективтің
деректерін өңдеуге болады.










