Қолданушы нұсқаулығы

163
t
Микропроцессормен
жабдықталмаған объективтер
Микропроцессормен жабдықталмаған объективтерді
пайдаланған кезде A немесе M экспозиция режимдерін таңдаңыз
жəне объективтің апертура сақинасын пайдаланып апертураны
орнатыңыз. Объектив деректерін (объективтің фокустық
қашықтығы жəне максималды апертура) көрсету арқылы
пайдаланушы кірістірілген микропроцессоры бар объективтің əр
түрлі функцияларын пайдалана алады.
Объективтің фокустық қашықтығы белгісіз болса:
Электр жетекті масштабтауды қосымша жарқыл бөліктерімен
пайдалануға
болады (0 119)
Объективтің фокустық қашықтығы қарау кезінде фотосурет
туралы мəлімет дисплейінде (жұлдызшамен) көрсетіледі
Объективтің максималды апертурасы белгілі болса:
Апература мəні басқару панелі мен көріністапқышта көрсетіледі
Жарқыл бөлігі AA (автоматты апертура) режимін қолдаса,
жарқыл деңгейі өзгерістерге реттеледі
Апертура қарау кезінде фотосурет туралы мəлімет дисплейінде
(жұлдызшамен) көрсетіледі
Объективтің фокустық қашықтығы мен максималды
апертурасын
белгілеу:
Түрлі-түсті матрицалық өлшемін қосады (кейбір
объективтермен, соның ішінде Reflex-NIKKOR объективтерімен
дəл нəтижеге қол жеткізу үшін ортасы бойынша өлшеуді
немесе нүктелі экспоөлшегішті пайдалану қажет болуы мүмкін
екенін ескеріңіз)
Ортасы бойынша өлшеу мен нүктелі экспоөлшегіштің жəне
сандық айналы фотокамераның i-TTL балансталған
толықтырғыш жарқылының дəлдігін арттырады