Қолданушы нұсқаулығы

162
t
❚❚ Аралықты реттейтін таймер арқылы
фотосурет түсіруді үзу
Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру батарея заряды
таусылса автоматты түрде аяқталады. Аралықты реттейтін
таймер арқылы фотосурет түсіруді мына əрекеттермен аяқтауға
болады:
Аралықты реттейтін таймер мəзірінде Start (Бастау) > Off
(Өшірулі) таңдау
Екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіруді (0 133) орындау
Суретке түсіру мəзіріндегі Shooting menu bank (Суретке
түсіру мəзірінің жинағы) элементі арқылы ағымдағы суретке
түсіру мəзірінің жинағының баптауларын қалпына келтіру
(0 236)
Брекетинг баптауларын өзгерту (0 136)
Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру
аяқталғанда, қалыпты суретке түсіру жалғасады.
❚❚ Фотосурет жоқ
Егер мына жағдайлардың біреуі аралық басталмақ болғаннан
кейін сегіз немесе одан көп секунд бойы қайталанса, фотокамера
ағымдағы аралықты өткізіп жібереді: алдыңғы аралықтың
фотосуреті немесе фотосуреттері əлі түсірілмеген, жад буфері
толық немесе фотокамера AF-S ішінде фокустай алмайды
(фотокамераның əрбір түсірілім алдында қайта фокустайтынын
ескеріңіз). Суретке түсіру келесі аралықпен жалғасады.