Қолданушы нұсқаулығы
161
t
❚❚ Аралықты реттейтін таймер арқылы
фотосурет түсіруді кідірту
Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіруді мына
əрекеттермен кідіртуге болады:
• Аралықтар арасында J түймешігін басу
• Аралықты реттейтін таймер мəзірінде Start (Бастау) > Pause
(Кідірту) белгілеп, J түймешігін басу
• Фотокамераны өшіріп, қайта қосу (қажет болса, фотокамера
өшіп тұрғанда жад картасын алмастыруға болады)
• Өздігінен түсіруді реттейтін таймерді (E) немесе M
UP суретке
түсіру режимін таңдау
Суретке түсіруді жалғастыру:
1 Жаңа басталу уақытын
таңдаңыз.
Жаңа басталу уақытын
157-бетте сипатталғандай
таңдаңыз.
2 Суретке түсіруді
жалғастырыңыз.
Restart (Қайта іске қосу)
белгілеп, J түймешігін
басыңыз. Суретке түсіру
барысында аралықты реттейтін
таймер арқылы фотосурет түсіру кідіртілген жағдайда,
ағымдағы аралықта қалған кез келген түсірілім
тоқтатылатынын ескеріңіз.










