Қолданушы нұсқаулығы

xvi
Nikon сауда белгісінің электронды керек-жарақтарын ғана қолданыңыз
Nikon фотокамералары ең жоғарғы стандарттарға сай жасалған жəне күрделі электрондық
схемаларды қамтиды. Осы Nikon сандық фотокамерасында ғана пайдалану үшін Nikon
тарапынан сертификатталған Nikon сауда белгісінің электронды керек-жарақтары
(зарядтау құрылғыларын, батареяларды, айнымалы ток адаптерлерін жəне флештік
керек-жарақтарды қосқанда) ғана осы электрондық схемалардың қызметтік жəне
қауіпсіздік талаптары
шеңберінде жұмыс істейтіндігі расталған жəне сол үшін жасалған.
Nikon сауда белгісіне жатпайтын электрондық керек-жарақтарды
пайдалану фотокамераны зақымдауы жəне Nikon кепілдігін жоюы мүмкін.
Оң жақта көрсетілген Nikon компаниясының голографиялық жапсырмасы
жоқ үшінші тараптың қайта зарядталмалы литий-ионды батареяларын
пайдалану фотокамераның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруі жəне
батареяның шамадан тыс қызуына, жанып кетуіне, жарылуына
немесе ағуына əкелуі
мүмкін.
Nikon сауда белгісінің керек-жарақтарына қатысты қосымша мəлімет алу үшін Nikon
компаниясының жергілікті өкілетті сатушысына хабарласыңыз.