Қолданушы нұсқаулығы

159
t
D Жад бітті
Жад картасы толық болса, аралықты реттейтін таймер қосылып
тұрады, бірақ суреттер түсірілмейді. Бірнеше суретті өшіргеннен кейін
немесе фотокамераны өшіріп, басқа жад картасын салғаннан кейін,
суретке түсіруді жалғастырыңыз (0 161).
A Көріністапқышты жабу
Көріністапқыш арқылы өтетін жарықтың фотосуреттерге жəне
экспозицияға кедергі келтіруіне жол бермеу үшін көріністапқышты бірге
жеткізілген DK-26 окуляр қақпағымен жабыңыз (0 23).
A Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру
Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіруді ұзақ
экспозициялармен (0 44) немесе тікелей көрініс (0 172) біріктіру
мүмкін емес.
A Суретке түсіру режимі
Таңдалған суретке түсіру режиміне қарамастан, фотокамера əр
аралықта көрсетілген түсірілімдер санын түсіреді.
A Брекетинг
Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіруді бастамас
бұрын, брекетинг баптауларын реттеңіз. Экспозиция, жарқыл немесе
ADL брекетингі аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру
кезінде қосылып тұрса, фотокамера аралықты реттейтін таймер
мəзірінде көрсетілген түсірілімдер санына қарамастан, əрбір аралықта
брекетинг бағдарламасында түсірілімдер санын түсіреді. Аралықты
реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру кезінде ақ түс балансы
брекетингі қосылып тұрса, фотокамера əр аралықта бір түсірілім
түсіріп, брекетинг бағдарламасында көрсетілген көшірмелер санын
жасау үшін оны өңдейді.