Қолданушы нұсқаулығы
158
t
4 Аралықтар саны мен əр
аралық бойынша
түсірілімдер санын
таңдаңыз.
4 немесе 2 түймешігін басып
аралықтар санын белгілеңіз; 1
немесе 3 түймешігін басып
өзгертіңіз. Жалғастыру үшін 2
түймешігін басыңыз.
5 Суретке түсіруді
бастаңыз.
On (Қосулы) белгілеп, J
түймешігін басыңыз (аралықты
реттейтін таймерді іске қоспай
суретке түсіру мəзіріне оралу
үшін Off (Өшірулі) белгілеп, J түймешігін басыңыз).
Түсірілімдердің алғашқы қатары белгіленген басталу
уақытында немесе 2-қадамда Choose start time (Басталу
уақытын таңдау) үшін Now (Қазір) таңдалған болса
шамамен 3 секундтан кейін түсіріледі. Суретке түсіру барлық
түсірілімдер жасалғанша таңдалған аралықтарда жалғасады.
Кескіндер жазу үшін қажетті ысырма жылдамдығы,
фотосурет түсіру кезіндегі кадр жылдамдығы жəне уақыт бір
аралықтан екіншісіне дейін өзгеруі мүмкін болғандықтан, бір
аралықтың аяғынан келесі аралықтың басына дейінгі уақыт
əр түрлі болуы мүмкін. Суретке түсіруді ағымдағы
баптауларда жалғастыру мүмкін болмаса (мысалы, B
(қолмен басылу режимі) немесе T (уақыт) ысырма
жылдамдығы қол экспозициясы режимінде таңдалса немесе
басталу уақыты бір минуттан кем болса), мониторда ескерту
көрсетіледі.
Аралықтар
саны
Түсірілімдер
саны/
аралық
Жалпы
түсірілімдер
саны










