Қолданушы нұсқаулығы

155
t
D Бірнеше экспозиция
Бірнеше экспозиция жазу барысында жад картасын суырмаңыз немесе
ауыстырмаңыз.
Фотосурет туралы мəліметті қарау дисплейінде көрсетілген түсірілім
мəліметі (соның ішінде жазу күні жəне фотокамера бағыты) бірнеше
экспозициядағы бірінші түсірілімге арналған.
ISO сезімталдық əрбір қатардағы бірінші түсірілім мəнінде бекітіледі;
суретке түсіру кезінде ISO сезімталдық дискісін бұрау əсер етпейді.
A Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру
Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру мүмкіндігі бірінші
экспозиция түсірілгенге дейін іске қосылса, фотокамера бірнеше
экспозиция мəзірінде көрсетілген экспозициялар саны түсіріліп
болғанша экспозицияларды таңдалған аралықта жазады (аралықты
реттейтін таймер арқылы түсіру мəзірінде көрсетілген түсірілімдер
саны еленбейді). Осы экспозициялар кейін бір фотосурет ретінде
жазылады жəне аралықты
реттейтін таймер арқылы түсіру аяқталады
(бірнеше экспозиция режимі үшін On (single photo) (Қосулы (бір
фотосурет)) таңдалған болса, бірнеше экспозиция түсіру автоматты
түрде аяқталады).
A Басқа баптаулар
Бірнеше экспозиция түсіріліп жатқанда, жад карталарын пішімдеу
мүмкін емес, кейбір мəзір тармақтары сұрға боялып, өзгертілмейді.