Қолданушы нұсқаулығы

149
t
Бірнеше экспозиция
Жалғыз фотосуретте екі жəне он аралығындағы экспозиция
қатарын жазу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Бірнеше
экспозициялар бағдарламалық жасақтама жасаған фотосурет
үстіне қабаттауындағыдан күштірек көрінетіндей түстерді беру
үшін фотокамераның кескін сенсорынан RAW пішіміндегі
деректерді пайдалана алады.
❚❚ Бірнеше экспозиция жасау
Бірнеше экспозицияны тікелей көріністе жазу мүмкін емес.
Өңдеуден бұрын, тікелей көріністен шығыңыз. Əдепкі
баптауларда 30 с бойы ешбір əрекет орындалмағанда, суретке
түсіру тоқтап, бірнеше экспозиция автоматты түрде
жазылатынын ескеріңіз.
1 Суретке түсіру
мəзірінде Multiple
exposure (Бірнеше
экспозиция)
таңдаңыз.
Мəзірлерді ашу үшін G
түймешігін басыңыз.
Суретке түсіру мəзірінен Multiple exposure (Бірнеше
экспозиция) белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
A Ұзақ жазу уақыттары
Экспозиция аралығын 30 секундтан асыру үшін c2 қолданушы
параметрі (Standby timer (Күту режимінің таймері), 0 251) арқылы
өлшегіш өшуінің кешігуін арттырыңыз. Экспозициялар арасындағы
максималды аралық c2 қолданушы параметрі үшін таңдалған
параметрден 30 с артық болады. Егер қарау немесе мəзір əрекеттері
кезінде монитор өшірілсе, суретке түсіру экспозиция өлшегіштері
өшірілгеннен кейін 30 секундта тоқтайды жəне сол кезге
дейін
жазылған экспозициялардан бірнеше экспозиция жасалады.
G түймешігі