Қолданушы нұсқаулығы
148
t
❚❚ Брекетингті тоқтату
Брекетингті тоқтату үшін D түймешігін басыңыз жəне брекетинг
тізбегіндегі түсірілімдер саны нөл (r) болып, z ендігəрі
көрсетілмейінше басты басқару дискісін бұраңыз. Соңғы
қолданылған бағдарлама келесіде брекетинг іске қосылғанда
қалпына келтіріледі. Брекетингті əрі екі түймешікті басу арқылы
қалпына келтіруді (0 133) орындап тоқтатуға болады, бірақ бұл
жағдайда брекетинг бағдарламасы келесіде брекетинг іске
қосылғанда қалпына келтірілмейді.
A ADL брекетингі
Үздіксіз төмен жылдамдық пен үздіксіз жоғары жылдамдық
режимдерінде суретке түсіру брекетинг бағдарламасында көрсетілген
түсірілімдер саны түсіріліп болғанда уақытша тоқтайды. Келесіде
ысырманы босату түймешігі басылғанда суретке түсіру жалғасады.
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимінде, фотокамера c3 (Self-
timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) > Number of shots
(Түсірілімдер саны) (0 252) қолданушы параметрі үшін таңдалған
параметрге қарамастан, ысырманы
босату түймешігі басылған сайын
145-беттегі 2-қадамда таңдалған түсірілімдер санын түсіреді; дегенмен,
түсірілімдер арасындағы аралықты c3 (Self-timer (Өздігінен түсіруді
реттейтін таймер)) > Interval between shots (Түсірілімдер
арасындағы аралық) қолданушы параметрі бақылайды. Басқа
режимдерде ысырманы босату түймешігі басылған сайын бір түсірілім
түсіріледі.
Тізбектегі барлық түсірілімдер түсіріліп болғанша жад картасы толып
кетсе, жад картасын ауыстырғаннан немесе жад
картасында орын
босату үшін түсірілімдер жойылғаннан кейін суретке түсіруді тізбектегі
келесі түсірілімнен бастап жалғастыруға болады. Егер тізбектегі
барлық түсірілімдер түсірілгенше фотокамера өшірілсе, фотокамера
қосылған кезде брекетинг тізбектегі келесі түсірілімнен жалғасады.










