Қолданушы нұсқаулығы

144
t
❚❚ Брекетингті тоқтату
Брекетингті тоқтату үшін D түймешігін басыңыз жəне брекетинг
тізбегіндегі түсірілімдер саны нөл (r) болып, y ендігəрі
көрсетілмейінше басты басқару дискісін бұраңыз. Соңғы
қолданылған бағдарлама келесіде брекетинг іске қосылғанда
қалпына келтіріледі. Брекетингті əрі екі түймешікті басу арқылы
қалпына келтіруді (0 133) орындап тоқтатуға болады, бірақ бұл
жағдайда брекетинг бағдарламасы келесіде брекетинг іске
қосылғанда қалпына келтірілмейді.
A Ақ түс балансының брекетингі
Ақ түс балансының брекетингін NEF (RAW) пішіміндегі кескін
сапасында пайдалану мүмкін емес. NEF (RAW), NEF (RAW)+JPEG fine
(NEF (RAW)+JPEG жақсы), NEF (RAW)+JPEG normal (NEF
(RAW)+JPEG қалыпты) немесе NEF (RAW)+JPEG basic (NEF
(RAW)+JPEG қарапайым) таңдалса, ақ түс балансының брекетингі
тоқтайды.
Ақ түс балансының брекетингі тек түс температурасына əсер етеді (ақ
түс балансы дəл реттеу дисплейіндегі сары-көк білік, 0 84). Жасыл-
қою қызыл
білікте ешбір реттеу жасалмайды.
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимінде (0 48) ақ түс балансы
бағдарламасында көрсетілген көшірмелер саны c3 (Self-timer
(Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) > Number of shots
(Түсірілімдер саны) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге
қарамастан, ысырма босатылған сайын жасалады (0 252).
Фотокамера жад картасына қатынасу шамы жанып тұрғанда өшірілсе,
ол тізбектегі барлық фотосуреттер түсіріліп
болғаннан кейін ғана
өшеді.