Қолданушы нұсқаулығы

140
t
A Экспозиция жəне жарқыл брекетингі
Үздіксіз төмен жылдамдық пен үздіксіз жоғары жылдамдық
режимдерінде суретке түсіру брекетинг бағдарламасында көрсетілген
түсірілімдер саны түсіріліп болғанда уақытша тоқтайды. Келесіде
ысырманы босату түймешігі басылғанда суретке түсіру жалғасады.
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимінде, фотокамера c3 (Self-
timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) > Number of shots
(Түсірілімдер саны) (0 252) қолданушы параметрі үшін таңдалған
параметрге қарамастан, ысырманы босату түймешігі басылған сайын
137-беттегі 2-қадамда таңдалған түсірілімдер санын түсіреді; дегенмен,
түсірілімдер арасындағы аралықты c3 (Self-timer (Өздігінен түсіруді
реттейтін таймер)) > Interval between shots (Түсірілімдер
арасындағы аралық) қолданушы параметрі бақылайды. Басқа
режимдерде ысырманы босату түймешігі басылған сайын бір түсірілім
түсіріледі.
Тізбектегі барлық түсірілімдер түсіріліп болғанша жад картасы толып
кетсе, жад картасын
ауыстырғаннан немесе жад картасында орын
босату үшін түсірілімдер жойылғаннан кейін суретке түсіруді тізбектегі
келесі түсірілімнен бастап жалғастыруға болады. Егер тізбектегі
барлық түсірілімдер түсірілгенше фотокамера өшірілсе, фотокамера
қосылған кезде брекетинг тізбектегі келесі түсірілімнен жалғасады.
A Экспозиция брекетингі
Фотокамера ысырма жылдамдығы жəне апертураны
(бағдарламаланған автоматты режим), апертураны (ысырманы ұстап
тұру басымдығы бар автоматты режим) немесе ысырма жылдамдығын
(апертура басымдығы бар автоматты режим, қол экспозиция режимі)
өзгертіп, экспозицияны өзгертеді. Егер P, S жəне A экспозиция
режимдерінде Auto ISO sensitivity control (ISO сезімталдықты
автоматты басқару) > Auto ISO sensitivity control (ISO
сезімталдықты автоматты басқару) (0 72) үшін On (Қосулы
)
таңдалса жəне ешбір жарқыл тіркелмесе, фотокамера ISO
сезімталдықты өзгертіп, экспозицияны өзгертеді жəне экспозиция
жүйесінің шектеулерінен асқанда ғана ысырма жылдамдығын жəне/
немесе апертураны өзгертеді. Фотокамераның экспозицияны жəне қол
экспозиция режимінде жарқыл брекетингін орындауын өзгерту үшін e7
(Auto bracketing (mode M) (Автоматты брекетинг (M режимі)),
0 260) қолданушы параметрін пайдалануға болады. Жарқыл деңгейін
ысырма жылдамдығымен жəне/немесе апертурамен
бірге өзгертіп
немесе жарқыл деңгейінің өзін өзгертіп, брекетингті орындауға болады.