Қолданушы нұсқаулығы

139
t
4 Фотосуретті жақтау ішіне алыңыз,
фокустаңыз жəне түсіріңіз.
Фотокамера таңдалған брекетинг бағдарламасына сай
экспозицияны жəне/немесе жарқыл деңгейін əр түсірілімде
өзгертеді. Экспозицияға енгізілген өзгерістер экспозиция
түзетілімімен енгізілгендерге қосылады (79-бетті қараңыз).
Ақпараттық дисплейді іске қосып, брекетинг процесінің
индикаторын қарауға болады. Əр түсірілімнен кейін
индикатордан бір сегмент жойылатын болады.
❚❚ Брекетингті тоқтату
Брекетингті тоқтату үшін D түймешігін басыңыз жəне брекетинг
тізбегіндегі түсірілімдер саны нөл (r) болып, брекетинг
белгішесі (v, w немесе x) енді көрсетілмейінше басты
басқару дискісін бұраңыз. Соңғы қолданылған бағдарлама келесі
брекетинг іске қосылғанда қалпына келтіріледі. Брекетингті əрі
екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіруді (0 133) орындап
тоқтатуға болады, бірақ бұл жағдайда брекетинг бағдарламасы
келесіде брекетинг іске қосылғанда қалпына келтірілмейді.
Түсірілім саны: 3; қадам: 0,7 Бірінші түсірілімнен кейінгі
дисплей