Қолданушы нұсқаулығы
130
l
Жарқыл қуатының құлпы
Бұл функция жарқыл шығысын құлыптауға қолданылып, жарқыл
деңгейін өзгертпестен фотосуреттерді қайта жиектеуге жəне
нысан кадрдың ортасында тұрмаса да жарқыл шығысының
нысанға лайықты екенін тексеруге мүмкіндік береді. Жарқыл
шығысы ISO сезімталдық пен апертурадағы кез келген өзгеріске
автоматты түрде реттеледі. Жарқыл қуатының құлпы тек CLS
жүйесімен үйлесімді жарқыл бөліктерімен қол жетімді (0 118).
Жарқыл қуатының құлпын
пайдалану:
1 Жарқыл қуатының құлпын
фотокамераны басқару тетігіне
тағайындаңыз.
FV lock (Жарқыл қуатының құлпы)
мəнін f4 (Assign Fn button (Fn
түймешігін тағайындау), 0 263), f5
(Assign preview button (Алдын-ала қарау түймешігін
тағайындау), 0 266) немесе f6 (Assign AE-L/AF-L button
(АЭ-Қ/АФ-Қ түймешігін тағайындау), 0 267) қолданушы
параметрі «басу» опциясы ретінде таңдаңыз.
2 CLS жүйесімен үйлесімді жарқыл бөлігін тіркеңіз.
CLS жүйесімен үйлесімді жарқыл бөлігін (0 118)
фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына
бекітіңіз.
3 Жарқыл бөлігін тиісті режимге орнатыңыз.
Жарқыл бөлігін қосыңыз жəне жарқыл режимін TTL, AA
монитордың алдын-ала шығатын жарқылына немесе A
монитордың алдын-ала шығатын жарқылына орнатыңыз.
Мəліметтер алу үшін Speedlight жарқыл бөлігінің
нұсқаулығын қараңыз.










