Қолданушы нұсқаулығы
xiii
Ескертпелер
• Осы өніммен бірге келген
нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon
компаниясының жазбаша рұқсатынсыз
қандай да бір жолмен қайта көшіруге,
таратуға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде
сақтауға немесе кез-келген түрде басқа
бір тілге аударуға рұқсат етілмейді.
• Nikon компаниясы осы нұсқаулықтарда
сипатталған жабдықтар мен
бағдарламаның техникалық
сипаттамасын кез-келген уақытта жəне
еш ескертусіз өзгерту құқығына
ие.
• Nikon компаниясы осы өнімді
пайдаланудан болған қандай да бір
зақымға жауап бермейді.
• Осы нұсқаулықтардағы мəліметтің
дұрыс жəне толық болуына бар күш-
жігерімізді жұмсағанымызбен, қандай
да бір қателерді немесе ескерілмеген
тұстарды байқаған жағдайда
аймақтағы Nikon өкіліне айтуыңызды
сұраймыз (мекенжайы бөлек беріледі).
Еуропалық тұтынушыларға арналған ескертпелер
Бұл таңба электр жəне
электрондық жабдықтардың
бөлек
жиналуы керектігін
білдіреді.
Келесі талаптар Еуропа
елдеріндегі қолданушыларға
ғана таралады:
• Бұл өнімді тиісті жинау нүктесінде
бөлек жинау қажет. Тұрмыстық қалдық
ретінде лақтырмаңыз.
• Бөлек жинау жəне қайта өңдеу табиғи
ресурстарды сақтауға жəне дұрыс
емес лақтырудан пайда болуы мүмкін
адам денсаулығына жəне қоршаған
ортаға теріс салдарларды
болдырмауға көмектеседі.
• Қосымша мəлімет алу
үшін
қалдықтарды жоюға жауапты бөлшек
сауда немесе жергілікті билік
өкілдеріне хабарласыңыз.
Батареядағы осы таңба
батареяның бөлек жиналуы
керектігін білдіреді.
Келесі талаптар Еуропа
елдеріндегі қолданушыларға
ғана таралады:
• Барлық батареяларды, осы таңбамен
белгіленген немесе белгіленбегеніне
қарамастан, тиісті жинау нүктесінде
бөлек жинау қажет. Тұрмыстық қалдық
ретінде лақтырмаңыз.
• Қосымша мəлімет алу үшін
қалдықтарды
жоюға жауапты бөлшек
сауда немесе жергілікті билік
өкілдеріне хабарласыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ
БАТАРЕЯНЫ БАСҚА БАТАРЕЯ ТҮРІНЕ АУЫСТЫРСАҢЫЗ ЖАРЫЛУ ҚАУПІ
БОЛУЫ МҮМКІН. ҚОЛДАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ НҰСҚАУЛАРҒА СƏЙКЕС
ЛАҚТЫРЫҢЫЗ.










