Қолданушы нұсқаулығы

128
l
Жарқыл түзетілімі
Жарқыл түзетілімі
1
/3 ЭМ қадамдарымен жарқыл шығысын
–3ЭМ мен +1ЭМ аралығында өзгерту үшін пайдаланылып, басты
нысан жарықтығын артқы фонға байланысты өзгертеді. Жарқыл
шығысын басты нысанды жарықтау ету үшін арттыруға, сондай-
ақ керексіз жарық нүктелерді немесе қайтарылған сəулелерді
жою үшін азайтуға болады.
W (M) түймешігін басып, қосымша
басқару дискісін ақпараттық
дисплейде керекті мəн
көрсетілгенше
бұраңыз. Жалпы
алғанда, оң мəндерді нысанды
бұрынғыдан жарық, ал теріс
мəндерді күңгірттеу үшін
таңдаңыз.
±0,0 мəнінен басқасында, W (M) түймешігі
босатылғаннан кейін ақпараттық
дисплейде жəне көріністапқышта Y
белгішесі көрсетілетін болады. Жарқыл
түзетілімінің ағымдағы мəнін W (M)
түймешігін басып растауға болады.
Қалыпты жарқыл шығысын жарқыл
түзетілімін ±0,0 мəніне орнату арқылы
қалпына келтіруге болады.
Жарқыл
түзетілімі фотокамера өшірілген кезде
қалпына келмейді.
W (M)
түймешігі
Қосымша
басқару дискі
±0 ЭМ
(W (M) түймешігі
басулы)
–0,3 ЭМ
+1,0 ЭМ