Қолданушы нұсқаулығы

124
l
i-TTL жарқылды басқару тетігі
CLS жүйесімен үйлесімді жарқыл бөлігі (0 118) TTL мəніне
орнатылған кезде фотокамера мына жарқылды басқару
түрлерінің біреуін автоматты түрде таңдайды:
Сандық айналы фотокамераның i-TTL балансталған толықтырғыш
жарқылы: жарқыл басты жарқыл шығармас бұрын бірнеше рет
көрінбейтіндей дерлік жыпылықтайды (монитор жыпылықтары).
Кадрдың барлық аумақтарындағы нысандардан шағылысқан
жыпылықтарды 2016 нүктелік RGB сенсоры ұстап алады, əрі
матрицалық өлшем жүйесіндегі ауқым ақпаратымен бірге талдап басты
нысан мен қоршаған ортаның артқы фон жарығы арасындағы табиғи
баланс үшін жарқылдың шығысын реттейді
. G, E немесе D объективі
қолданылған жағдайда, қашықтық мəліметі жарқыл шығысын
есептегенде ескеріледі. Объектив деректерін (фокустық қашықтық пен
максималды апертура; 0 163-бетті қараңыз) қамтамасыз ету арқылы
микропроцессормен жабдықталмаған объектив үшін есептеу дəлдігін
арттыруға болады. Нүктелі экспоөлшегіш қолданылғанда қол жетімді
емес.
Сандық айналы фотокамераның стандартты i-TTL жарқылы:
кадрда жарықты стандартты деңгейге апару үшін реттелген жарқыл
шығысы; артқы фонның жарықтығы ескерілмейді. Негізгі нысанға артқы
нəрселерге қарағанда көбірек мəн берілуі тиіс суреттер үшін немесе
экспозиция түзетілімі мүмкіндігі пайдаланылған кезде ұсынылады.
Санды айналы фотокамераның стандартты i-TTL жарқылы нүктелі
экспоөлшегіш таңдалғанда автоматты түрде іске қосылады.