Қолданушы нұсқаулығы
xii
A Зарядтау құрылғысын
пайдаланған кезде тиісті сақтық
шараларын орындаңыз
• Құрғақ сақтаңыз. Бұл сақтық
шарасын орындамау жарақат алуға
əкелуі я болмаса өнім өртке немесе
ток соғуына байланысты дұрыс емес
жұмыс істеуі мүмкін.
• Ашаның метал бөліктеріндегі
немесе маңайындағы шаңды құрғақ
шүберекпен тазалау қажет.
Пайдалана беру өртке əкелуі мүмкін.
• Нажағай ойнаған кезде зарядтау
құрылғысының
жанында тұрмаңыз.
Осы сақтық шарасын орындамау
электр тогының соғуына əкелуі
мүмкін.
• Ашаны немесе зарядтау
құрылғысын ылғалды қолдармен
ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын
орындамау жарақат алуға əкелуі я
болмаса өнім өртке немесе ток
соғуына байланысты дұрыс емес
жұмыс істеуі мүмкін.
•
Бір кернеуден екінші кернеуге
түрлендіруге арналған сапарда
қолданылатын ток түрлендіргіштерін
немесе ааптерлерін немесе тұрақты
токтан айнымалы токқа ауыстыратын
инверторларды пайдаланбаңыз. Осы
сақтық шарасын орындамау өнімнің
зақымдалуына немесе шамадан тыс
ысуына немесе өртенуіне əкелуі
мүмкн.
A Тиісті кабельдерді пайдаланыңыз
Кабельдерді кіріс жəне шығыс
ұяшықтарына жалғаған кезде,
өнімнің талаптарымен қарама-
қайшылықтың болмауы үшін Nikon
тарапынан берілген немесе
сатылған кабельдерді ғана
пайдаланыңыз.
A Ықшам дисктер
Дыбыстық ықшам дискке арналған
жабдықта бағдарлама немесе
нұсқаулықтар жазылған ықшам
дисктер ойнатылмауы тиіс.
Дыбыстық ықшам диск
ойнатқышында ықшам дисктерді
ойнату есту қабілетінің жойылуына
немесе жабдықтың зақымдалуына
əкелуі мүмкін.
A Жарқылды көлік жүргізушісіне
бағыттамаңыз
Бұл сақтық шарасын орындамау
келеңсіз жағдайларға əкелуі мүмкін.
A Жарқылды пайдаланған кезде сақ
болыңыз
• Фотокамераның қосалқы
жарқылдарын тері немесе басқа
объектілерімен тығыз байланыста
пайдалану күйіктерге əкелуі мүмкін.
• Қосалқы жарқылдарды фотосурет
нысанының көзіне жақын жерде
пайдалану көру қабілетінің уақытша
нашарлауына əкелуі мүмкін. Жарқыл
нысаннан бір метрден кем емес
қашықтықта болуы тиіс. Балаларды
суретке түсіру кезінде ерекше
сақтану крек.
A Сұйық кристалды ұстамаңыз
Монитор сынып қалса, сынған
əйнектен жарақат алмау жəне
монитордағы сұйық кристалдың
теріге тимеуі немесе көзбен ауызға
кірмеуі үшін сақ болу қажет.
A Объектив немесе фотокамера
жалғанған штативтерді
тасымалдамаңыз
Сүрініп кетіп немесе байқамай
басқаларды соғып, жарақаттауыңыз
мүмкін.
A Əуе компаниясы мен аурухана
қызметшілерінің нұсқауларын
орындаңыз
Бұл фотокамера медициналық
жабдық пен ұшақ навигациясының
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін
радиожиіліктерін береді. Ұшаққа
отырғызу алдында фотокамераның
сымсыз желі мүмкіндігін
ажыратыңыз жəне барлық сымсыз
керек-жарақтарды алып тастаңыз,
əрі ұшу мен қону кезінде
фотокамераны өшіріңіз.
Медициналық мекемелерде сымсыз
құрылғыларды қолдануға қатысты
қызметшілердің нұсқауларын
орындаңыз.










