Қолданушы нұсқаулығы
117
l
A Синхрондау түйіспе тұсы
Синхрондау кабелін қажет болса синхрондау
түйіспе тұсына жалғауға болады. Жарқыл бөлігін
фотокамераның керек-жарақтарға арналған
құрылғысына бекітіп, артқы пердемен
синхрондау жарқылы арқылы фотосурет түсіруді
орындаған кезде синхрондау кабелімен басқа
жарқыл бөлігін жалғамаңыз.
D Тек Nikon жарқылының керек-жарақтарын пайдаланыңыз
Тек Nikon жарқыл бөліктерін пайдаланыңыз. Керек-жарақтарға
арналған құрылғыға қолданылатын теріс кернеулер немесе 250 В-тан
асатын кернеулер қалыпты жұмысты тоқтатып қана қоймай,
фотокамераның немесе жарқылдың синхрондау тізбегін зақымдауы
мүмкін. Осы бөлімде көрсетілмеген Nikon жарқыл бөлігін пайдалану
алдында қосымша ақпарат алу үшін Nikon компаниясының қызмет
көрсету өкіліне хабарласыңыз.










