Қолданушы нұсқаулығы
xi
A Балалардың қолы жетпейтін
жерде ұстаңыз
Бұл сақтық шарасын сақтамау
жарақатқа əкелуі мүмкін. Сонымен
қатар, кішкентай бөлшектердің
тұншығу қаупін төндіретінін
ескеріңіз. Бала осы жабдықтың
кез келген бөлігін жұтып қойса,
дереу дəрігерге хабарласыңыз.
A Бауды сəбидің немесе баланың
мойнына аспаңыз
Камера бауын сəбидің немесе
баланың мойнына асу қылғынуға
əкелуі мүмкін.
A Құрылғылар қосылған немесе
пайдаланылған кезде
фотокамераны, батареяны
немесе зарядтау құрылғысын
ұзақ уақыт бойы ұстамаңыз
Құрылғы бөліктері ысып кетеді.
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
тікелей теріге тигізу нəтижесінде
төмен қызулы күйіктерге əкелуі
мүмкін.
A Өнімді тікелей күн сəулелері
астында немесе жабық
автокөлік сияқты
температурасы тым жоғары
жерлерде қалдырмаңыз
Осы сақтық шараны орындамау
зақымдануға немесе өртке əкелуі
мүмкін.
A Батареяларды пайдаланған
кезде тиісті сақтық шараларын
сақтаңыз
Дұрыс пайдаланылмаса,
батареялар ағуы немесе жарылуы
мүмкін. Осы өнім үшін пайдалану
мақсатында батареяларды
пайдаланған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
• Осы жабдықта пайдалану үшін
құпталған батареяларды ғана
пайдаланыңыз.
• Батареяны қысқа тұйықтап
немесе бөлшектеп алмаңыз.
• Батареяны ауыстырмас бұрын
өнімнің өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Егер айнымалы ток адаптерін
пайдалансаңыз, оның
суырылғанына көз жеткізіңіз.
• Батареяны төңкеріп немесе кері
бағытта салуға əрекеттенбеңіз.
• Батареяны отқа немесе шамадан
тыс ыстыққа салмаңыз.
• Суға салмаңыз немесе судың
шашырауына жол бермеңіз.
• Батареяны тасымалдаған кезде
түйіспе тұс қақпағын орнына
салыңыз. Батареяны алқа немесе
шаш түйрегіштер сияқты
металдан жасалған заттармен
бірге тасымалдамаңыз немесе
сақтамаңыз.
• Толық разрядталған кезде
батареялар ағып кетуі мүмкін.
Өнімге зақым келтірмеу үшін
заряды таусылған кезде
батареяны алып тастауды
ұмытпаңыз.
• Батарея қолданылмаған кезде,
терминал қақпағын салып, салқын
əрі құрғақ жерде сақтаңыз.
• Пайдаланғаннан кейін немесе
өнім батарея қуатында ұзақ уақыт
бойы пайдаланылған кезде
батарея бірден ысып кетуі мүмкін.
Батареяны алмас бұрын
фотокамераны өшіріп,
батареяның салқындауын күтіңіз.
• Батареяда түсінің немесе пішінінің
өзгеруі сияқты өзгерістерді
байқасаңыз, пайдалануды
доғарыңыз.










