Қолданушы нұсқаулығы

107
J
4 Таңдалған Picture Control
режимін өңдеңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін
103-бетті қараңыз. Кез келген
өзгертулерден бас тартып,
əдепкі баптаулардан қайта
бастау үшін O түймешігін басыңыз. Баптауларды орнату
аяқталған кезде J түймешігін басыңыз.
5 Межелі орынды
таңдаңыз.
Қолданушы тарапынан
реттелетін Picture Control
режимі үшін межелі орынды
(C-1 мен C-9 аралығында)
таңдап, 2 түймешігін басыңыз.
6 Picture Control режимін
атаңыз.
Оң жақтағы мəтін енгізу
терезесі көрсетіледі.
Əдепкіде жаңа Picture
Control бар Picture Control
атауына екі цифрлы сан (автоматты түрде тағайындалады)
қосылып аталады; əдепкі атауды пайдалану үшін 7-қадамға
өтіңіз. Курсорды атау аумағына апару үшін W (M) түймешігін
ұстап тұрып, 4 немесе 2 көрсеткісін басыңыз. Курсор тұрған
жерге жаңа əріп енгізу үшін мульти селектормен керекті
таңбаны пернетақта аумағында белгілеп, J түймешігін
басыңыз. Курсор тұрған жердегі таңбаны жою үшін
O түймешігін басыңыз.
Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control атаулары
он тоғызға дейінгі таңбадан тұруы керек. Он тоғызыншыдан
кейінгі кез келген таңба өшіріледі.
Пернетақта
аумағы
Атау аумағы