Қолданушы нұсқаулығы

103
J
❚❚ Picture Control баптаулары
Параметр Сипаттама
Quick adjust
(Жылдам реттеу)
–2 жəне +2 арасындағы опциялардың біреуін таңдап
таңдалған Picture Control режимінің əсерін төмендетіңіз
немесе арттырыңыз (бұның қолмен жасалған барлық
реттеулерді қалпына келтіретінін ескеріңіз). Мысалы,
Vivid (Жарқын) үшін оң мəндер таңдалғанда суреттер
бұрынғыдан жарқын болады. Neutral (Бейтарап)
немесе Monochrome (Монохромды) Picture Control
режимдерімен пайдалану мүмкін емес.
Қолмен жасалатын реттеулер
(барлық Picture Control режимдері)
Sharpening
(Анық ету)
Контурлардың анықтығын реттеңіз. Анық етуді көрініс
түріне қарай автоматты түрде реттеу үшін A
параметрін таңдаңыз немесе 0 (анық етусіз) жəне 9
(бұл мəн неғұрлым жоғары болса, анық ету дəрежесі
соғұрлым жоғары болады) арасындағы мəндердің
біреуін таңдаңыз.
Contrast
(Контраст)
Контрастты көрініс түріне қарай автоматты түрде реттеу
үшін
A
параметрін таңдаңыз немесе
–3
жəне
+3
аралығындағы мəндердің біреуін таңдаңыз (портрет
нысандарындағы жарық аумақтарының күн сəулесі
əсерінен «ағаруына» жол бермеу үшін төмендеу мəндер,
ал тұманды пейзаждарды жəне басқа контрасты төмен
нысандарды түсірген кезде кішігірім элементтерді сақтап
қалу үшін жоғарылау мəндерді таңдаңыз).
Brightness
(Жарықтық)
Жарықтықты азайту үшін –1, жарықтықты көбейту үшін
+1 таңдаңыз. Экспозицияға əсер етпейді.
Қолмен жасалатын
реттеулер
(тек монохромды емес)
Saturation
(Қанығуы)
Түстердің жарқындығын реттеңіз. Қанығуын көрініс
түріне қарай автоматты түрде реттеу үшін
A
параметрін
таңдаңыз немесе
–3
жəне
+3
аралығындағы мəндердің
біреуін таңдаңыз (төмендеу мəндер қанығуын
азайтады, ал жоғарылау мəндер оны көбейтеді).
Hue (Реңк)
Қызыл түстерді күлгінге, көк түстерді жасылға жəне
жасыл түстерді сарыға көбірек ұқсас ету үшін теріс
мəндерді (ең төмен
–3
) жəне қызыл түстерді қызғылттау,
жасыл түстерді көкшілдеу жəне көк түстерді күлгіндеу
ету үшін (ең жоғары
+3
) оң мəндерді таңдаңыз.
Қолмен жасалатын
реттеулер
(тек монохромды)
Filter effects
(Сүзгі
əсерлері)
Монохромды фотосуреттерде түс сүзгілерінің əсеріне
еліктейді. Off (Өшірулі), сары, қызғылт сары, қызыл
жəне жасыл түстердің біреуін таңдаңыз (0 105).
Toning
(Реңк беру)
Монохромды фотосуреттерде пайдаланылатын реңді
B&W (қара жəне ақ түс), Sepia (Сепия), Cyanotype
(Цианотипия) (көк реңді монохромды), Red (Қызыл),
Yellow (Сары), Green (Жасыл), Blue Green (Көкшіл
жасыл), Blue (Көк), Purple Blue (Күлгін көк), Red
Purple (Қызыл күлгін) (0 105) арасынан таңдаңыз.