Қолданушы нұсқаулығы

100
J
J
Кескінді түзету
Nikon компаниясының бірегей Picture Control жүйесі анық ету,
контраст, жарықтық, қанықтық жəне реңк сияқты суретті өңдеу
баптауларын сыйысымды құрылғылар мен бағдарламалық
жасақтамалар тарапынан пайдалануды мүмкін қылады.
Picture Control режимін таңдау
Фотокамера бірнеше алдын ала енгізілген Picture Control режимін
ұсынады. Нысанға немесе көрініс түріне қарай Picture Control
режимін таңдаңыз.
Picture Control режимдері
Параметр Сипаттама
Q
Standard
(Стандартты)
Теңгерілген нəтижелерге қол жеткізу үшін
суреттерді стандартты түрде өңдеу.
Жағдайлардың көбінде пайдаланылуы
ұсынылады.
R
Neutral
(Бейтарап)
Табиғи нəтижелерге қол жеткізу үшін суреттерді
минималды түрде өңдеу. Кейін айтарлықтай
өңделетін фотосуреттер үшін таңдаңыз.
S Vivid (Жарқын)
Суреттер жарқын, фотокөшірме əсеріне қол
жеткізу үшін түзетіледі. Негізгі түстерді көрсету
қажет фотосуреттер үшін таңдаңыз.
T
Monochrome
(Монохромды)
Монохромды фотосуреттер түсіріңіз.
e
Portrait
(Портрет)
Портреттерді табиғи құрылымы бар жəне тегіс
көрінетін теріге қол жеткізу үшін өңдеңіз.
f
Landscape
(Пейзаж)
Əдемі пейзаждар мен қала көріністерін жасайды.