Қолданушы нұсқаулығы

x
Қауіпсіздік шаралары
Nikon өніміне зақым немесе өзіңізге немесе басқаларға жарақат
келтірмеу үшін осы жабдықты пайдаланудан бұрын келесі сақтық
шараларын толық оқып шығыңыз. Осы сақтық нұсқауларын өнімді
пайдаланатын барлық адам оқи алатын жерде сақтаңыз.
Осы бөлімде берілген сақтық шараларын ескермеуден болуы мүмкін
салдарлар келесі таңбамен белгіленген:
❚❚ ЕСКЕРТУЛЕР
A Камераға күннің түсуіне жол
бермеңіз
Артқы жағы жарық нысандарды
түсірген кезде камераны күн
сəулесінен қорғаңыз. Фотокамера
корпусына түсіп тұрған немесе
жақын орналасқан кезде
фотокамераға бағытталған күн
сəулесі өрттің шығуына əкелуі
мүмкін.
A Күнге көріністапқыш арқылы
қарамаңыз
Күнді немесе өзге күшті жарық
көзін көріністапқыш арқылы қарау
көру қабілетінің тұрақты түрде
нашарлауын əкелуі мүмкін.
A Көріністапқыштың диоптрияны
өзгерту мүмкіндігін пайдалану
Көріністапқыштың диоптрияны
өзгерту мүмкіндігін көзіңізбен
көріністапқышқа жақындап
пайдаланған кезде, көзіңізге
абайсызда саусағыңызды кіргізіп
алмауға тырысыңыз.
A Жануы мүмкін газ бар жерде
пайдаланбаңыз
Электронды жабдықты жанғыш
газ бар жерде пайдаланбаңыз,
себебі бұл жарылысқа немесе
өртке əкелуі мүмкін.
A Дұрыс жұмыс істемеген
жағдайда бірден өшіріп
тастаңыз
Жабдықтың өзінен немесе
айнымалы ток адаптерінен (бөлек
сатылады) шығып жатқан түтінді
немесе ерекше иіст сезсеңіз, күйіп
қалу қаупін ескере отырып, бірден
айнымалы ток адаптерін суырып,
батареяны алып тастаңыз.
Пайдалануды жалғастыра беру
жарақат əкелуі мүмкін. Батареяны
алып тастағаннан кейін, жабдықты
тексерту үшін Nikon
компаниясының өкілетті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
A Бөлшектемеңіз
Өнімнің ішкі бөлшектерін ұстау
жарақатқа əкелуі мүмкін. Дұрыс
істемеген кезде өнімді білікті
маман ғана жөндеуі тиіс. Құлап
қалу немесе басқа себепке
байланысты өнім шашылып
қалса, батареяны жəне/немесе
айнымалы ток адаптерн
суырыңыз, содан кейін өнімді
тексерту мақсатында Nikon
компаниясының өкілетті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
Бұл белгіше ескертулерді білдіреді. Жарақат алып қалмау үшін осы
Nikon өнімін пайдаланудан бұрын барлық ескертулерді оқыңыз.
A