Қолданушы нұсқаулығы
92
r
5 Ақ түс балансын өлшеңіз.
Индикаторлар жыпылықтауын
тоқтатқанға дейін, эталондық
нысанды көріністапқышқа толық
кіретіндей етіп жақтау ішіне алып, ысырманы босату
түймешігін соңына дейін басыңыз. Фотокамера ақ түс
балансының мəнін өлшеп, оны 3-қадамда таңдалған алдын-
ала енгізілген мəнде сақтайды. Ешқандай фотосурет
жазылмайды; ақ түс балансын фотокамера фокуста
болмаған кезде де дəл өлшеуге болады.
6 Нəтижелерді тексеріңіз.
Фотокамера ақ түс балансының мəнін
өлшей алған болса, басқару
панелінде алты секундтай C
жыпылықтайды, ал көріністапқышта
жыпылықтаған a көрсетіледі.
Егер жарық тым қараңғы немесе тым
ашық болса, фотокамера ақ түс
балансын өлшей алмауы мүмкін.
Басқару панелі мен көріністапқышта
алты секундтай жыпылықтаған ba
көрсетіледі. Ысырманы босату
түймешігін жартылай басып 5-қадамға
оралып, ақ
түс балансын қайта
өлшеңіз.
A Қорғалған алдын-ала енгізілген мəндер
Ағымдағы алдын-ала енгізілген мəн қорғалған (0 99) болса, басқару
панелі мен көріністапқышта жаңа мəнді өлшеу əрекеті жасалғанда 3
жыпылықтайды.
Басқару панелі
Көріністапқыш
Басқару панелі
Көріністапқыш










