Қолданушы нұсқаулығы

90
r
Алдын-ала қолмен енгізілген
мəн
Алдын-ала қолмен енгізілген мəн аралас жарық жағдайында
сурет түсіруге арналған ақ түс балансы баптауларын жазу жəне
қайта пайдалану немесе мықты түс реңдері бар жарық көздерін
түзету үшін пайдаланылады. Фотокамера d-1 мен d-4
арасындағы алдын-ала енгізілген мəндер түрінде алдын ала
орнатылған ақ түс балансы үшін төрт мəн сақтай алады. Ақ түс
балансын алдын-ала енгізудің екі əдісі бар:
Көріністапқыш арқылы фотосурет
түсіру амалдары
1 Эталондық нысанға жарық түсіріңіз.
Ақырғы фотосуретте пайдаланылатын жарық астына
бейтарап сұр немесе ақ түсті нысанды қойыңыз. Студия
параметрлерінде анықтамалық нысан ретінде стандартты
сұр тақтаны пайдалануға болады. Ақ түс балансын өлшеген
кезде экспозицияның 1 ЭМ-ге автоматты түрде артатынын
ескеріңіз; M экспозиция режимінде экспозиция
индикаторының ±0 көрсетуі үшін экспозицияны реттеңіз
(0 43).
Əдіс Сипаттама
Тікелей өлшеу
Бейтарап сұр немесе ақ түсті нысан ақырғы
фотосуретте пайдаланылатын жарық астына
қойылады жəне ақ түс балансы фотокамера
арқылы өлшенеді. Тікелей көрініспен фотосурет
түсіруде (0 172) ақ түс балансы кадрдың
таңдалған аумағында өлшенуі мүмкін (нүктелі ақ
түс балансы, 0 93).
Бар фотосуреттен
көшіру
Ақ түс балансы жад картасындағы фотосуреттен
көшіріледі (0 96).