Қолданушы нұсқаулығы

87
r
A Ақ түс балансын қосымша өңдеу
Қосымша өңдеу біліктеріндегі түстер абсолютті емес, салыстырмалы
болып келеді. Мысалы үшін, ақ түс теңгерімі үшін J (қызу бөлетін шам)
сияқты «жылы» параметр таңдалған кезде меңзерді B (көк) түске
жылжыту, фотосуреттерді сəл ғана «суықтау» қылады, бірақ шын
мəнінде оларды көкке ауыстырмайды.
A «Майред»
Түс температурасына енгізілген кез келген өзгеріс жоғары түс
температураларына қарағанда төмен түс температураларында көбірек
айырмашылықтың пайда болуына себеп болады. Мысалы, 1000 K
өзгеріс 6000 K температурасына қарағанда 3000 K температурасында
көп өзгерістің орын алуына себеп болады. Түс температурасының кері
мəнін 10
6
мəніне көбейту арқылы есептелетін майредосындай
өзгерісті ескеретін түс температурасының өлшемі, сондықтан түс
температурасы түзетілімінің сүзгілерінде қолданылатын бірлік. Мыс.:
4000 K–3000 K (айырмашылық: 1000 K)=83 майред
7000 K–6000 K (айырмашылық: 1000 K)=24 майред
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
WB bracketing (АТБ брекетингі) e6 (Auto bracketing set (Автоматты
брекетинг жинағы), 0 259) қолданушы параметрі үшін таңдалғанда,
фотокамера ысырма босатылған сайын бірнеше кескін жасайтын
болады. Ақ түс балансы үшін таңдалған ағымдағы мəнді «қапсырып»,
ақ түс балансы əр кескінде өзгеріп отырады (0 141).