Қолданушы нұсқаулығы

83
r
A Студиядағы жарқыл жарығы
Автоматты түрде реттелетін ақ түс балансы үлкен студиялық
жарқылдарды пайдаланғанда қалаулы нəтиже шығармауы мүмкін.
Алдын-ала орнатылған ақ түс балансын пайдаланыңыз немесе ақ түс
балансын Flash (Жарқыл) параметріне орнатып, ақ түс балансын
қосымша өңдеңіз.
A Түс температурасы
Жарық көзінің түсін қабылдау бақылаушыға жəне басқа жағдайларға
байланысты өзгереді. Түс температурасыбірдей толқын ұзындығы
бар жарық шығару үшін жылытылуы тиіс нысанның температурасына
негізделе отырып анықталатын жарық көзі түсінің объективті өлшемі.
5000–5500 К аралығындағы түс температурасы бар жарық көздері ақ
түс ретінде көрінсе, қызу бөлетін шамдар сияқты түс температурасы
төмендеу
жарық көздері сəл ғана сары немесе қызыл болып көрінеді.
Түс температурасы жоғарылау жарық көздерінде көк түсті реңдер
болады. Фотокамераның ақ түс балансының параметрлері келесі түс
температураларына бейімделген:
I (натрий газ разрядты
шамдары): 2700 K
J (қызу бөлетін шам)/I (Жылы
ақ флюоресцентті): 3000 K
I (ақ флюоресцентті): 3700 K
I (суық ақ флюоресцентті
):
4200 K
I (күндізгі ақ флюоресцентті):
5000 K
H (тікелей күн жарығы): 5200 K
N (жарқыл): 5400 K
G (бұлтты): 6000 K
I (күндізгі жарықтағы
флюоресцентті): 6500 K
I (жоғары температуралы
сынап газ разрядты шамы):
7200 K
M (көлеңке): 8000 K