Қолданушы нұсқаулығы

228
A Кескінді тексере қарау
Даралай фотосурет түсіру орындалып жатқанда суреттерді көру үшін
K түймешігін пайдалану мүмкін емес, бірақ ойнату мəзірінде Image
review (Кескінді тексере қарау) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған
болса, əр түсірілімнен кейін бірнеше секунд бойы ағымдағы кадр
көрсетіледі (0 287). Кадр көрсетіліп тұрғанда басқа ойнату əрекеттерін
орындау мүмкін емес.
A Суретке түсіру режимі
Таңдалған суретке түсіру режиміне қарамастан фотокамера əр
аралықта бір түсірілімді түсіреді. Өздігінен түсіруді реттейтін таймерді
пайдалану мүмкін емес.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Даралай фотосурет түсіру аяқталғанда дыбыстық сигналдың шығуын
орнату туралы ақпаратты d1 (Beep (Дыбыстық сигнал), 0 321)
қолданушы параметрінен қараңыз.