Қолданушы нұсқаулығы
Фотокамераның мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін барлық
нұсқауларды мұқият оқуды ұмытпаңыз жəне оларды өнімді
пайдаланатын барлық адам оқи алатын жерде сақтаңыз.
Мəзір нұсқаулығы
Мəзір параметрлері жəне фотокамераны принтерге немесе теледидарға
қосу əдісі сияқты тақырыптар туралы қосымша ақпарат алу үшін
фотокамераның Мəзір нұсқаулығын Nikon веб-сайтынан төменде
сипатталғандай жүктеңіз. Мəзір нұсқаулығы pdf пішімінде жəне оны
Adobe Reader немесе Adobe Acrobat Reader бағдарламасын пайдаланып
көруге болады.
1 Компьютерде веб-браузерді іске қосыңыз жəне
http://nikonimglib.com/manual/ бетінде Nikon нұсқаулығын жүктеу
сайтын ашыңыз
2 Қажет өнімнің бетіне ө
тіңіз жəне нұсқаулықты жүктеңіз.
Nikon па
йдаланушысына қолдау көрсету
Фотокамераны тіркеу үшін келесі сайтқа өтіңіз жəне өнім туралы соңғы
мəліметтерді жаңартып отырыңыз. Жауаптарды жиі қойылатын
сұрақтардан табуға болады жəне техникалық қолдау алу үшін бізге
хабарласыңыз.
http://www.europe-nikon.com/support
AҚауіпсіздік шаралары
Фотокамераны алғаш рет пайдаланудан бұрын «Қауіпсіздік
шаралары» (0 x–xiii) тарауындағы қауіпсіздік нұсқауларын оқыңыз.










