Қолданушы нұсқаулығы
159
x
Ақпараттық дисплей: тікелей көріністе
фотосуретке түсіру
Тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру барысында мониторда индикаторларды
жасыру немесе шығару үшін R түймешігін басыңыз.
Қолмен реттелетін фокус
Қолмен реттелетін фокус режимінде фокустау үшін (0 78)
объективтің фокустау сақинасын нысан фокусталғанша
бұрай беріңіз.
Дəлірек фокустау үшін монитордағы көріністі шамамен 19×
дейін ұлғайту үшін X (T) түймешігін басыңыз. Объектив
арқылы көрініс ұлғайтылған кезде дисплейдің төменгі оң жақ
бұрышында сұр түсті жақтауы бар шарлау терезесі пайда
болады. Мульти селекторды пайдаланып мониторда
көрінбейтін кадр
аумақтарына өтіңіз (АФ аумағының режимі
үшін кең немесе қалыпты аумақты АФ таңдалған кезде қол
жетімді), не болмаса W (S) түймешігін басып кішірейтіңіз.
Ақпарат қосулы Ақпарат өшірулі
Виртуалды көкжиек
(0 269)
Жақтауға алу
көрсеткіштері
X (T) түймешігі
Шарлау терезес
і










