Қолданушы нұсқаулығы

139
t
❚❚ ADL брекетингі
Фотокамера бірнеше экспозиция бойынша Қосылған D-Lighting мүмкіндігін
өзгертеді. Қосылған D-Lighting туралы қосымша ақпаратты 113-беттен қараңыз.
1 ADL брекетингін таңдаңыз.
ADL bracketing (ADL брекетингі) опциясын e6
қолданушы параметрі Auto bracketing set (Автоматты
брекетинг орнату) үшін таңдаңыз.
2 Түсірілімдер санын таңдаңыз.
D түймешігін басып тұрыңыз да, басты басқару дискісін бұрап брекетинг
тізбегіндегі түсірілімдер санын таңдаңыз. Бір фотосуретті Қосылған D-Lighting
мүмкіндігі өшіп тұрғанда, ал екіншісін суретке түсіру мəзіріндегі Active
D-Lighting (Қосылған D-Lighting) үшін таңдалған ағымдағы мəнмен түсіру
үшін екі кадрды таңдаңыз (Қосылған D-Lighting өшірулі болса, екінші кадр
Қосылған D-Lighting мүмкіндігі Auto (Автоматты) опциясына орнатылып
түсіріледі). Қосылған D-Lighting мүмкіндігі
Off (Өшірулі), Normal (Қалыпты)
жəне High (Жоғары) опцияларына орнатылып бірнеше фотосурет түсіру үшін
үш кадр таңдаңыз.
Көріністапқышта D көрсетіледі (оң жақтан қараңыз);
басқару панелінде d көрсетіледі.
Кадрлар саны
Брекетинг
процесінің
индикаторы
D түймешігі Басты басқару
дискі
Басқару панелі