Анықтамалық нұсқаулық
228
Wi-Fi
PIN кодын енгізу (тек Android)
1 Фотокамераның кірістірілген Wi-Fi
функциясын қосыңыз.
Баптау мəзірінде Wi-Fi параметрін
белгілеңіз жəне 2 түймешігін басыңыз.
Network connection (Желілік
қосылым) тармағын белгілеңіз жəне
2 түймешігін басыңыз, содан кейін
Enable (Қосу) пəрменін белгілеңіз
жəне J түймешігін басыңыз. Wi-Fi
белсендірілуін бірнеше секунд күтіңіз.
2 Network settings (Желі параметрлері) > PIN-entry WPS
(PIN коды енгізілетін WPS) тармағын таңдаңыз.
Network settings (Желі
параметрлері) тармағын белгілеңіз
жəне 2 түймешігін басыңыз.
PIN-entry WPS (PIN коды енгізілетін
WPS) параметрін белгілеңіз жəне 2
түймешігін басыңыз.
3 PIN кодын енгізіңіз.
Смарт құрылғысы көрсеткен PIN кодын енгізіңіз. Цифрларды
белгілеу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз жəне өзгерту
үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Енгізу аяқталғанда J
түймешігін басыңыз.
4 Wireless Mobile Utility қолданбасын іске қосыңыз.
Смарт құрылғыда Wireless Mobile Utility қолданбасын іске
қосыңыз. Негізгі тілқатысу терезесі көрсетіледі.










