Анықтамалық нұсқаулық
143
P, S, A жəне M режимдері
4 Yes (Иə) жауабын таңдаңыз.
Оң жақтағы мəзір көрсетіледі; Yes
(Иə) жауабын белгілеп, J түймешігін
басыңыз.
Фотокамера алдын ала орнатылған
өлшеу режиміне кіреді.
Фотокамера ақ түс балансын өлшеуге
дайын болған кезде көріністапқышта
жəне ақпараттық дисплейде
жыпылықтаған D (L) белгісі пайда
болады.
5 Ақ түс балансын өлшеңіз.
Индикаторлар жыпылықтауын
тоқтатпай тұрып эталондық нысанды
көріністапқышқа толық кіретіндей етіп
жақтауға алып, ысырманы босату
түймешігін соңына дейін басыңыз. Ешбір фотосурет
жазылмайды; ақ түс балансын фотокамера фокуста
болмаған кезде де дəл өлшеуге болады.










