Анықтамалық нұсқаулық

Table Of Contents
153Қосылымдар
ViewNX 2 бағдарламалық
жасақтамасын пайдалану
Суреттерді компьютерге көшіру
Жалғастыру алдында берілген ViewNX 2 ықшам дискіндегі бағдарламалық
жасақтаманы орнатқаныңызға көз жеткізіңіз (0 151).
1 USB кабельді жалғаңыз.
Фотокамераны өшіру жəне жад картасы салынғанын тексеруден кейін
қамтамасыз етілген USB кабельді көрсетілгендей жалғаңыз, содан кейін
фотокамераны қосыңыз.
2 ViewNX 2 бағдарламалық жасақтамасының Nikon Transfer 2
құрамдасын іске қосыңыз.
Егер бағдарламаны таңдауды сұрайтын хабар көрсетілсе, Nikon Transfer 2
бағдарламалық жасақтамасын таңдаңыз.
A Сенімді қуат көзін пайдаланыңыз
Деректерді тасымалдау əрекетінің үзілмеуін қамтамасыз ету үшін фотокамераның
батареясы толық зарядталғанына көз жеткізіңіз.
A Кабельдерді жалғау
Интерфейстік кабельдерді жалғау немесе ажырату кезінде фотокамераның
өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. Жалғағыштарды белгілі бір бұрышпен салу үшін күш
қолданбаңыз немесе мұны істеуге тырыспаңыз. Жалғағышты пайдаланбаған кезде
жалғағыш қақпағын жабыңыз.
A USB концентраторлары
Фотокамера USB хабы немесе пернетақта арқылы жалғанбаған болса,
тасымалдау күтілгендей орындалмауы мүмкін.
A Windows 7 жүйесі
Егер мына тілқатысу терезесі көрсетілсе, төменде сипатталғандай Nikon Transfer 2
бағдарламалық жасақтамасын таңдаңыз.
1 Import pictures and videos (Суреттерді жəне
бейнефильмдерді импорттау) астында
Change program (Бағдарламаны өзгерту)
түймешігін басыңыз. Бағдарламаны таңдау
тілқатысу терезесі көрсетіледі; Import File
using Nikon Transfer 2 (Nikon Transfer 2
арқылы файлды импорттау) пəрменін
таңдап, OK түймешігін басыңыз.
2 Import File (Файлды импорттау) түймешігін екі рет басыңыз.