Анықтамалық нұсқаулық
214
Төменгі жиіліктер сүзгісі
Фотокамераның сурет элементі ретінде əрекет ететін кескін сенсоры муар əсеріне
жол бермеу үшін төменгі жиіліктер сүзгісімен жабдықталған. Егер сүзгідегі кір
немесе тозаң фотосуреттерде пайда болғандай көрінсе, сүзгіні баптау мəзіріндегі
Clean image sensor (Кескін сенсорын тазалау) параметрі арқылы тазалауға
болады. Сүзгіні Clean now (Дəл қазір тазалау) параметрі арқылы кез келген
уақытта тазалауға немесе тазалау əрекетін
фотокамера қосылған немесе
өшірілген кезде автоматты түрде орындауға болады.
❚❚ «Clean now (Дəл қазір тазалау)»
1 Фотокамераның негізін төмен қойыңыз.
Фотокамера оң жақта көрсетілгендей астыңғы
жағы төмен қаратылған күйі бұралған кезде
кескін сенсорын тазалаған тиімді болып
табылады.
2 Баптау мəзіріндегі Clean image
sensor (Кескін сенсорын тазалау)
пəрменін таңдаңыз.
Мəзірлерді ашу үшін G түймешігін
басыңыз. Баптау мəзірінде Clean image
sensor (Кескін сенсорын тазалау)
белгілеп (0 167), 2 басыңыз.
3 Clean now (Дəл қазір тазалау) пəрменін
таңдаңыз.
Clean now (Дəл қазір тазалау) пəрменін
белгілеңіз жəне J дегенді басыңыз.
Фотокамера кескін сенсорын тексереді жəне
тазалауды бастайды. 1 көріністапқышта
жыпылықтайды жəне басқа əрекеттерді орындау
мүмкін емес. Тазалау аяқталғанша жəне оң
жақта көрсетілген хабар жоғалғанша қуат көзін
алып тастамаңыз немесе ажыратпаңыз.
G түймешігі










