Желі нұсқаулығы
82
Профильді қолмен жасау
Фотокамераны FTP жəне HTTP серверлеріне қосылуға қолмен
теңшеу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Баптау кезінде
фотокамера өшірілсе ағымдағы профильге енгізілген өзгертулер
жоғалатынын ескеріңіз; қуатың күтпеген үзілуін болдырмау үшін
толығымен зарядталған батареяны немесе қосымша айнымалы
ток адаптері пайдаланыңыз. Брандмауэр артындағы FTP
серверге қосылып жатсаңыз, сонымен бірге фотокамера
пайдаланатын FTP порттары (21, 22 əне 32 768 бен 61 000
арасындағы порттар) үшін ерекшеліктерді жасау үшін
брандмауэр параметрлерін реттеу қажет болуы мүмкін.
1 Желілік профильдерді көрсетіңіз.
Профильдер тізімін жəне басқа желі
параметрлерін көрсету үшін баптау
мəзірінде Network (Желі) тармағын
таңдаңыз, содан кейін Network settings
(Желі параметрлері) тармағын
белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
2 Create profile (Профильді жасау)
пəрменін таңдаңыз.
Create profile (Профильді жасау)
пəрменін белгілеп, 2 түймешігін
басыңыз. Тізімде тоғыз профиль бар
болса, жалғастырмай тұрып O (Q)
түймешігін пайдаланып бар профильді
жою керек екенін ескеріңіз (053).
3 Configure manually (Қолмен
теңшеу) параметрін таңдаңыз.
Configure manually (Қолмен теңшеу)
параметрін белгілеп, 2 түймешігін
басыңыз.










